2026 жылғы мамыр айында Өзбекстан Республикасының Андижан қаласында «Искусство тюркского мира: историко-культурное наследие и современность» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған ғылыми іс-шараға академия атына келген ресми шақырту негізінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Өнертану факультеті, Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Карабалаева Балнур Рахымбаевна қатысты.
Конференция К.Бехзод атындағы Ұлттық өнер және дизайн институты мен ТҮРКСОЙ ұйымының серіктестігімен ұйымдастырылып, түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы, заманауи өнер үдерістері және ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды.
Іс-шара барысында Балнур Рахымбаевна «Заманауи қазақ бейнелеу өнеріндегі неомифологемалар: көркемдік-семантикалық трансформациялар» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі неомифологиялық образдардың көркемдік ерекшеліктері мен олардың мәдени мағынасының трансформациясы туралы ғылыми ой-пікірлерін ұсынды.
Конференцияға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Түрікменстаннан келген жетекші ғалымдар мен өнертанушылар қатысты. Олардың қатарында Ruhi Konak (Түркия), Elchin Shamilli (Әзербайжан), Tamara Kadirbayeva және Akjibek Beyshebayeva (Қырғызстан), Azat Annayev (Түрікменстан) секілді халықаралық сарапшылар болды.
Халықаралық конференция аясында ғылыми пікір алмасу жүзеге асып, түркі елдері арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған тәжірибелер талқыланды.









