Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа Конституцияның қабылдануына орай, елдің қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар табысталды.
Арман Әділханұлын және барша құрметті награда иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз.







