• 25.09.2022

Қадырқұл Андосовтың үлкен мерейтойы

Авторkaznai

Нау 30, 2022

2022 жылдың 10 наурызында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында профессор, Жоғары хореография мектебінің бірінші деканы Қадырқұл Нысанбайұлы Андосовтың 80 жылдығына арналған Qazaq Ballet Magazine арнайы шығарылымының тұсаукесері және салтанатты концерт өтті.

Журнал Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми-редакциялық бөлімінің, хореография факультетінің және басшылықтың қолдауымен шығарылды.

Концертке Қ. Н. Андосовтың әріптестері мен шәкірттері қатысты. Құттықтау сөздерімен Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ. З. Халықов, А. В. Селезнев атындағы АХУ-нің директорының м. а. М. О. Тукеев және хореография факультетінің деканының орынбасары Г. Н. Габбасова бөлісті.

Ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы және Qazaq Ballet Magazine бас редакторы Д. Д. Уразымбетов журналдың мазмұнымен және профессор Қ. Н. Андосовтың шығармашылық және педагогикалық жолының негізгі белестерімен таныстырды. Студенттер шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жауап сөз ретінде Қ. Н. Андосов академия басшылығына, концертті ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өзінің мерейтойына тарту еткен сыйы үшін алғысын білдіріп, шеберлікті қажымас қайратпен арттыруға шақырды. Ол мұғалім өзінің жоғары мәртебесіне сай болуы керек және оқушыларға жеке көзқарас таба білуі керек деп есептейді.

Журнал академияның кітапханасында бар, онымен Қ. Н. Андосовтың педагогикасы, оның шәкірттері және Қазақстандағы Жоғары хореография мектебінің қалыптасуы туралы білгісі келетін кез келген адам таныса алады.

Приемная комиссия