• 27.05.2024

«Әнім – сен едің» атты хорға арналған шығармалар концерті

Авторkaznai

Мам 2, 2024

 2024 жылғы  2 мамырда Оқу театрында «Театр өнері факультеті, музыкалық театр кафедрасының аға оқытушысы, дирижер Берекешев Ғалымжан Карибжанович ұйымдастырған «Әнім – сен едің» атты хорға арналған шығармалар концерті өтті. Концертке «Театр өнері» факультеті 6В02192 – Актерлік өнер білім беру бағдарламасы студенттері,  «Музыкалық театр артисі» бейінінің 3 курс студенттері  Е.Обаев шеберханасы, «Драма театры және кино артисі» бейінінің 3 курс студенттері   М.Ахманов және Е.Төкеев шеберханасы, «Драма театры режиссурасы», «Драма театры және кино артисі» бейінінің 1 курс студенттері Ф.Молдағали шеберханасының білім алушылары қатысты. Бағдарламада қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың хорға арналған шығармалары орындалды.Студенттер хор шығармаларын орындау барысында көрермендерге оның  көркемдік мәнін, гармониялық тілін, стилін, динамикалық реңктерін жеткізе алды.  Идеялық-бейнелі мазмұнын аша білді. Олар орындауында гармониялық тілді, стильді, динамикалық реңктерді аша білді. Концерт соңында Қазақ КСР-нің халық артисі, профессор Е.Обаев студенттерді құттықтап, еңбектеріне табыс және   өнерлерінің өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия