• 10.12.2022

«Ақселеудің асыл мұрасы» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

Авторkaznai

Қаз 26, 2022

24 қазан күні сағат 11.00-де №2 ғимараттың кітапханасында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы қазақ тілі мамандарының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.С.Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ақселеудің асыл мұрасы» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қазақтың танымал жазушылары мен ғалымдары қатысты. Атап айтсақ, жазушы, ғалым, ф.ғ.д. – Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш, ф.ғ.д., профессор, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі – Қансейіт Әбдезұлы, жазушы, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері – Қуандық Ералыұлы Түменбай, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. – Алмасбек Ахметұлы Әбсадық.Дөңгелек үстел қонақтары жазушы, ғалым, өнертанушы Ақселеу Сейдімбек жайлы естеліктерімен бөлісті. Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., профессор А.Ш.Алимжанова қайраткер өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында Музыка өнері факультеті Халық аспаптары мамандығының 1 курс студенттері Бахтиярұлы Бағлан мен Қаппасов Балтабек күйден шашу шашса, Музыка өнері факультеті Халық әні мамандығының 2 курс студенттері Өтемұратов Жасұлан Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа» және Орал Бақтияр «Дәурен-ай» әндерін орындады. Ал Театр өнері факультеті Драма театры және кино артисі мамандығының 2 курс студенттері Рахметулла Ерасыл, Қадыров Төрежан, Әскер Ұлан жазушы шығармаларынан үзінді оқыды. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, тілектерін айтты. Дөңгелек үстелді Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, PhD доктор Ә.Ә.Бияздықова жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия