• 07.10.2024

«Аралас деңгейлі сыныптарда шет тілдерін оқыту»

Авторkaznai

Мау 13, 2024

2024 жылдың 3-7 маусым аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Аралас деңгейлі сыныптарда шет тілдерін оқыту» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өткізді (72 сағат).
Семинардың мақсаты: әртүрлі тілдік деңгейдегі студенттер оқитын топтарда шетел (ағылшын) тілін оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар гибридтік форматта өтті.

Семинарға Алматы менеджмент университеті (ALMAU), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Oxford University Press орталығы, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Нархоз университеті, Абай атындағы атындағы ҚазҰПУ, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, сондай-ақ Құрманғазы атындағы ҚҰК, ҚР ҰҚК Шекара академиясы және қарастырылып отырған мәселеге қызығушылық танытқан басқа да жоғары оқу орындары оқытушылары қатысты.
Спикерлер мен қатысушылар семинарды өткізуге деген дайындықтың және ұйымдастырудың жоғары деңгейге болғандығын атап өтті. Іс-шара бағдарламасы қызығушылық тудырған сұрақтарға кәсіби және жан-жақты жауаптар алуға, алған дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтауға мүмкіндік берді. Семинарды үш жыл сайын өткізу ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия