• 06.05.2024

Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафдерасында 2024 жылдың 01 сәуірінде Наурыз мерекесіне орай оқытушы С.Д. Қосназарованың ұйымдастыруымен «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны туралы айта келіп, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету, ескірген дәстүрлер жайлы түсінік қалыптастыру, оларды жаңғырту және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

        Мерекелік іс-шара «Хореография», «Музыкалық өнер» факультеттерінің 1,2-курс студенттері арасында өтті. Іс-шара барысында беташар дәстүрі көрсетілді, ұлттық ойыннан ләңгі тебу жарысы додаға түсті, Наурызға қатысты ұғымдар мен дәстүрлерге арналған «Кім жүйрік» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия