«Өнертану» факультетінің Жас ғалымдар Кеңесі мен ғылыми-редакциялық бөлім 2022 жылдың 12 сәуірінде ғылым апталығының аясында «Заманауи өнертанудың креативтілігі: қазіргі ахуалы мен даму перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, өнертану ғылымы саласы бойынша зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру. Аталмыш шараға «Кино тарихы мен теориясы», «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары мен магистранттары және студенттер қатысып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салдаы.
Дөңгелек үстелге кинотанушы, оқытушы Дана Әмірбекова модераторлық етеді.
Онлайн дөңгелек үстелде төмендегі спикерлер көрсетілген тақырыптар бойынша ойларын ортаға салады:
Айжан Ізімова, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, кинотеледраматург, өнертану магистрі – «Заманауи қазақ драматургиясының тенденциялары»;
Әлімақын Жанболат, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, кинотанушы, өнертану магистрі – «Отандық медиа кеңістіктегі кино сыныны мәселелері»;
Дамир Амантай, 2 курс өнертану магистранты – «Қазақ киносындағы саяхат-комедия жанрының мүмкіндіктері мен кемшіліктері»;
Ұлжан Құрманбай, 2 курс өнертану магистранты – «Қазақ сахна өнерінің дамуына театр менеджментінің ықпалы».