«Қазақстан киноөнері» білім беру бағдарламасы аясындағы «Күміс университеттің» алғашқы сабағы
2025 жылғы 17 қарашада «Қазақстан киноөнері» білім беру бағдарламасы аясындағы «Күміс университеттің» алғашқы сабағы өтті.
Сабақ бірлескен білім беру сессиясы форматында ұйымдастырылды, онда «Шәкен» киноклубының мүшелері – «Кино және ТВ» факультетінің студенттері, «Күміс университетінің» тыңдаушылары «Болу немесе болмау?» (2014) фильмді көріп авторларымен кездесті. Фильм режиссерлары: Азизжан Заиров, Мұхамет Мамырбеков.
Фильмде ДЦП диагнозы бар жас жігіттің «Болу немесе болмау?» сұрағына жауап табу үшін Гамлет рөлін меңгеруі баяндалады. Философиялық драма өмірдің мәні, адам табиғаты, адамның тағдыры туралы ой-толғам ретінде қабылданды. Ерекше қажеттіліктері бар актерлердің қатысуы мүмкіндігі шектеулі жандардың ортасы мен мәселелерін шынайы көрсетуге мүмкіндік берді.
Сабаққа «Мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы» (АРДИ) өкілдері шақырылды:
- – Ахтанова А.Т. – АРДИ төрайымы;
- – Әбенова А. – АРДИ ART шығармашылық орталығының жетекшісі;
- – Веритас А. – АРДИ актерлік шеберлік пәнінің оқытушысы;
- – Венера Токабаева – АРДИ төрайымының ассистенті;
- – Сауран Кастеев – еңбектерапия инструкторы, АРДИ дизайнері;
- – Тахир Умаров – басты рөлді орындаушы;
- – Мұхамет Мамырбеков – фильм режиссері;
- – Баженова Н.А. – фильм режиссері А. Заировтың жұбайы.
Сабақты бірлесіп өткізу форматы барлық қатысушылар үшін ұрпақтар диалогының оң тәжірибесі ретінде бағаланды.
https://www.instagram.com/reel/DRKSgjUDO1l/?igsh=a2ZuYXJheTd0bWti
Іздеу
Хабарландырулар

25.11.2025

24.11.2025



