• 04.12.2024

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы жоғарғы оқу орнының ашылу күнінен бастап қызмет етеді. Тарихи дерекке сәйкес 1980-1986ж.ж. кафедраны алғашқы болып — Н.И.Тимошин басқарған.

  • 1987-1992 жылдар аралығынында Д.Б. Қамзолдаев, С. Батыршаұлы, С.Б. Доржанов кафедра меңгерушісі қызметінде болған.
  • 1988-1990ж.ж. кафедра меңгерушісі Б.К. Ахметов болды.
  • 1990-1993ж.ж. филология ғылымдарынын, доценті Г.М. Мұсагалиев тағайындалды.
  • 1992 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраның аталуы «Философия және тарих» кафедрасы деп өзгертілді.

Қазақ мемлекеттік көркем сурет академиясымен біріккенге дейін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент К.А. Әліқұлов басқарды.

1996-97 ж.ж. біріккен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты А.Х. Есенжани басқарды.

1996-1997 ж.ж. қорытындысы бойынша «ӘГП» кафедрасы «Жылдың ең үздік кафедрасы» байқауын жеңіп алды.

1997-2000 ж.ж. тарих ғылымдарының кандидаты,доцент С.Ф. Мажитов пен педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.К. Калиев кафедра меңгеруші қызметін атқарған.

2001-2005 ж.ж. — «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Құлманова болды.

Кафедра қызметінің көбеюіне байланысты 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра — «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Тіл және әдебиет» кафедралары болып екіге бөлінді.

«Тіл және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі – п.ғ.к., доцент Г.Т. Алдамбергеноватағайындалды.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі — педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Құлманова болды.

2006ж. қыркүйек айында «Тіл және әдебиет» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары академия құрылымын оптимизациялау мақсатында қайта біріктірілді.

2005-2011 ж.ж. аралығында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова басқарды.

2013 жылдың 17 маусымында кафедра аталуы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы болып өзгертілді.

2011ж. қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі — философия ғылымдарының кандидаты, профессор Алия Шарабекқызы Алимжанова.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы  бакалавриатта, магистратурада, докторантурада (Phd) келесі пәндер бойынша сабақ жүргізеді. 

 Бакалавриатта: философия, саясаттану, қазақ және шетел әдебиеті, орыс тілі, қазақ тілі, құқық негіздері, өнер саласындағы менеджмент, Қазіргі заман Қазақстан тарихы;

Магистратурада: ғылым философиясы мен тарихы, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы, ғылыми зерттеу тұғырнамасы, өнер психологиясы, шетел басылымдарына ғылыми мақалалар жазудың жолдары мен әдістері, өнер саласындағы жобаларды басқару;

Докторантурада: өнер философиясы, өнер семиотикасы, мәдени антропология, ғылыми зерттеу әдістемесі.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы жұмысының басты мақсаты – жоғары мәдениет иесі, зиялы және әлеуметтік белсенді, бәсекеге қабілетті маманды, Қазақстан Республикасының патриот-азаматын үйлесімді тұлға ретінде дамыту.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ұжымының білім беру  жүйесінің негізгі принциптері — әлемдік және отандық өнер мен ғылым тарыхы мен теориясын негізге ала отырып, заманауи жетістіктерге сүйене отырып, ақпараттық-коммуникативтік технология мүмкіндіктерін, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын  пайлаланып, шығармашыл жастарда ұлттық, адамзаттық және кәсіби құндылықтарды қалыптастыру, өз Отаны – Қазақстанды сүюге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік өнердің озық үлгілерін меңгере отырып, ұлттық өнерді дамытуға, өнер жолында өзіндік орнын тауып, өздерін тұлға әрі маман ретінде жан-жақты таныта білуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін және жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.

Приемная комиссия