• 07.10.2024

«Қазіргі концерттік индустриядағы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Авторkaznai

Ақп 26, 2022

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Кино және ТВ» факультетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі концерттік индустриядағы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға осы саланың мамандары – дыбыс режиссерлері Игорь Минин, Дмитрий Михеев, Алибек Байтанаев шақырылды. 

Пікірталаста дыбыс режиссурасын неғұрлым ілгерілету жолдары, пандемиядан кейін пайда болған мүмкіндіктер мен кемшін тұстарды  шешудің оңтайлы жолдары, оның ішінде басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып жұмыс істеу мәселелері қозғалды.

Дыбыс режиссері мамандығы асқан шеберлікті, сезімталдықты, жан-жақты білімді талап ететіні белгілі. Игорь Миничтің айтуынша, бұл сала әлдеқайда кең ұғым, және ол бүгінгі күні жақсы тыңдай білу қабілетімен ғана шектелмейді.

«Дыбыс  режиссурасы – синтезді өнер. Дыбыс режиссері – бұл музыкалық білім мен техникалық білімді қатар игеретін адам. Сіз кез келген музыка стилін жазуға, дыбыстауға және одан жаңа нәрсе табумен ғана шектелмей, базалық техниканы игере білуіңіз шарт. Бұл салада бәсекелестік өте жоғары. Заман талабына сай жаңаны игеру керек» ,- дейді режиссер. 

Мұндай кездесулер проблемарды талқылау, олардың ішіндегі ең маңыздыларын анықтай отырып, шешу жолдарын қарастыру үшін аса қажет.

Приемная комиссия