• 25.10.2024

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған І республикалық үздік драматургия байқауы болып өтті.

Авторkaznai

Окт 14, 2022

2022 жылдың 4 қазан күні Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған І республикалық үздік драматургия байқауы болып өтті. Аталған байқауға Қазақстанның барлық аймағынан шығармалар қатысты. Нәтижесінде 31 шығарманың ішінен 6 шығарма үздік деп танылып жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздардың арасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының «Кинотеледраматургия» бейінінің студенттері Мия Алгожаева мен Наурызбай Асылбеков бар.

Жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін) номинациясы бойынша 4 курс студенті Алгожаева Мия «Жаңғырық» драмасымен 1-орынды иеленсе, 2 курс студенті Асылбеков Наурызбай «Түнгі фонарь» драмасымен 2-орынды қанжығасына байлады. Аталмыш жүлделермен қоса жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Жас таланттарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Қаламдарыңыз ұштала берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия