• 20.05.2022

«Баспа ісінің құқықтық негіздері және этикасы» атты шеберлік сағаты өтті.

Авторkaznai

Ақп 19, 2022

2022 жылдың 18 ақпанында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кітапханасының ұйымдастыруымен «БОЛАТ МЕДИА» мекемесінің директоры, «Үш қоңыр» республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газетінің бас редакторы, «Махамбет», «Жұмекен» республикалық әдеби-мәдени танымдық журналының құрылтайшысы, белгілі журналист Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің құрметті өкілі Болат Батырұлымен «Баспа ісінің құқықтық негіздері және этикасы» атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатына философия ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Халықов Қабыл Заманбекұлы, «Өнертану» факультетінің деканы Жақсылықова Меруерт  Болатқанқызы, «Өнертану» факультетінің оқытушы құрамы және академия студенттері қатысты. Алғыс сөзді өнертану мамандығының 3-курс студенті Жұмахан Шынар сөйледі.

Приемная комиссия