• 21.11.2024

2021 жылғы 30 қарашада Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында ІХ халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ұйымдастырушыларының және фестивальдің халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 1 сағатқа созылған кездесуден соң, дәл осы жерде студенттік және дебюттік қысқаметражды ойын және анимациялық фильмдер байқауының қазылар алқасының, сондай-ақ халықаралық студенттік қазылар алқасының қатысуымен екінші баспасөз конференциясы өтті.  


Бірінші баспасөз спикерлерінің қатарында фестивальдің халықаралық қазылар алқасының мүшелері — «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Азимов, қазақстандық режиссер, сценарист және продюсер Рүстем Әбдірашев, «Босфор» Стамбул кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Эмра Кылич, МТКФ іріктеу комиссиясының мүшесі, «2morrow», «Край света. Восток» (Сахалин) және «Послание к человеку» (Санкт-Петебург) кинофестивальдерінің бағдарламалық директоры – Алексей Медведев, Eastwood Agency негізін қалаушылардың бірі, ММКФ, DocPoint, Camerimage, San Sebastian Film Festival секілді ірі халықаралық кинофестивальдердің қатысушысы — Ханна Мироненко, қазақстандық журналист, PR – маман, продюсер, 48 Hour Film Race («48 сағатта түсіру») Орталық Азия қысқаметражды фильмдер байқауының басшысы — Андрей Мануйлов және халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, әдебиеттанушы, публицист және журналист — Бигелді Ғабдуллин болды.


Екінші баспасөз спикерлерінің қатарында студенттік және дебюттік фильмдер байқауының қазылар алқасының мүшелері — сценарист, режиссер, BAFTA Student Film Award жүлдесінің иегері және Berlinale Talents қатысушысы Татьяна Федоровская (Ресей), қазақстандық анимациялық фильмдердің режиссері, продюсер, сценарист, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Бас продюсері — Адай Әбелдинов, тәжік продюсері, кинорежиссер, сценарист, Душанбедегі балалар киносының эксперименттік мектебінің жетекшісі – Искандар Усмонов, ресейлік театр және кино актері, режиссер, сценарист – Илья Глинников, Халықаралық студенттік қазылар алқасының төрайымы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Гаухар Ақжолова, С.А.Герасимов атындағы ВГИК студенті, кинотанушы, редактор, сценарист, продюсер Алена Янушко (Ресей) мен Халықаралық фестиваль президенті Сергей Азимов болды.
Шара Халықаралық фестиваль президенті Сергей Азимовтың алғы сөзімен басталды. Ол фестивальдің ұйымдастыруына белсене араласып, қолдау білдірген демеушілер мен серіктестерге алғысын айтты. Сергей Азимовтың айтуынша, фестиваль – жас киногерлердің шығармашылығын шыңдауға берілетін мүмкіндік.


«Бұл фестиваль мен үшін ерекше. Себебі, 2011 жылы қысқаметражды фильм бойынша «Бастау» фестивалінде алған бас жүлдем – шығармашылығымның бастауы болды. Бүгін, міне, әділқазы мүшесі болу құрметі бұйырды. Осы фестивальдің төрағасы, жанашыры Сергей Азимовқа бүкіл кинемотографистер атынан үлкен алғысымды білдіремін. «Бастаудың» негізгі идеясы – біріктіру. Қазір жас кинемотографистердің жолын ашатын, мүмкіндігін көрсететін, бағыт беретін үлкен алаңға айналды. Тоғызыншы мәрте өтіп жатқан фестивальдің ашылуы құтты болсын!»,- деді Адай Әбелдинов.

#ЖүргеновАкадемиясы#Бастау#Тәуелсіздікке30жыл

Приемная комиссия