• 20.05.2022

Birge – taza Qazaqstan: Жүргенов академиясы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Авторkaznai

Сәу 9, 2022

Бүгін, 9 сәуір күні, Жүргенов академиясының ұжымы “Birge – taza Qazaqstan” республикалық акциясы бойынша өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Академия басшылығымен бірге оқытушылар мен қызметкерлер және студенттеріміз академия алаңын тазалап, жұмыла жұмыс істеді.

Сондай-ақ, сенбілік аясында әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында кір тасын көтеру, арқан тартыс сайыстары өткізілді.

Жеңімпаздар назардан тыс қалмай, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қызықты әлі тартысты ойындардың соңын жастар флешмобқа ұластырып, бүгінгі сенбілікті көңілді аяқтады.

Білім беретін құтты мекеніміздің және сүйікті шаһарымыздың тазалығы сіз бен біздің қолымызда екенін әрдайым жадымызда ұстайық!

Приемная комиссия