2024 жылдың 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова «Музей қызметінің негізгі бағыттары» атты авторлық бағдарламасы бойынша Қазақстан музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Курстар Академияның «Біліктілікті арттыру» бөлімімен ұйымдастырылған.
Бағдарлама аясында қатысушылар келесі бөлімдермен танысты:
1-бөлім. Музейдің ғылыми-зерттеу қызметі
2-бөлім. Музейдің ғылыми-қорының жұмысы
3-бөлім. Музейдің экспозиция қызметі
4-бөлім. Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі
Секция 5. Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг
Курстың ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.
Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына Жезді кентіндегі Тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының, А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайының, Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайының және оның филиалдарының 26 қызметкерлері белсенді қатысты.
Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары мұражай ісіндегі заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-қор, экспозиция, мәдени-ағарту іс-шараларын жобалаудың, музей ісіндегі менеджмент пен маркетингтің заманауи тәсілдерін меңгерді.
Курс соңында тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.
Алдағы уақытта келесі авторлық бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары жоспарлануда:
1. «МУЗЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІНЕ АТРИБУЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПЕРТИЗА ЖАСАУ»
2.«ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
3. «МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
4. «ЗАМАНАУИ МУЗЕЙДІ БАСҚАРУ»
5. «ГАЛЕРИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
6. «СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРДЫҢ САРАПТАМАСЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕР»
7. «СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫН МУЗЕЕФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ САҚТАУ»
8. «МУЗЕЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН РЕСТАВРАЦИЯЛАУ» (әзірленуде)