30 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында магистратура мен докторантураға түсуге ниетті талапкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында магистратура мен докторантураға оқуға қабылдану мүмкіндіктері, құжат тапсыру тәртібі мен талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, талапкерлердің сұрақтарына жауап берілді.

