• 19.04.2024

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы

Авторkaznai

Қар 1, 2021

2021 жылдың 1–15 қарашасы аралығында Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсының ЖОО ішіндегі бірінші кезеңі өтеді.

Конкурсқа қатысу туралы ереже мына сілтеме бойынша https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506.

Өтінімдер академияның жүйелік әкімшісі арқылы universitycontest.iac.kz сайтына беріледі.

Академияның штаттық оқытушыларының ішінен үміткерлер конкурстың I кезеңіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға үлгі бойынша өтінім;

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Өтінім беру сұрақтары бойынша ғылыми-редакциялық бөлімге (26 кабинет) хабарласуға болады.

Приемная комиссия