• 19.04.2024

Р. Захаров атындағы «Мария» XIII Халықаралық жас хореографтар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Авторkaznai

Қар 3, 2021

(Мәскеу. Ресей)

2021 жылдың 26-28 қазан аралығында Ресей театр өнері академиясы – ГИТИС базасында дәстүрлі форматта Р. Захаров атындағы «Мария» XIII Халықаралық жас хореографтар байқауы өтті.  

Байқауға Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің магистранттары мен студенттері қатысты. Нұрпейісова Әсел – БӨ 1 курс магистранты, Қайрат Әлімжан – ХР 4 курс, Меттыбаева Томирис – БӨ 3 курс, Ашенова Айнель- БӨ 3 курс, оларға атқарушы ретінде Жақсылықова Аида – БӨ 1 курс, Брякина Александра – ПСХ 3 курс студенттері көмектесті. Байқауға қатысушыларды хореография факультетінің орынбасары,  «Балетмейстер өнері» кафедрасының доценті Ғаббасова Гүлмира Надымқызы  дайындады және оларға басшылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Нұрпейісова Әсел, Меттыбаева Томирис және Қайрат Әлімжан 3 орын лауреаттары атанды.

Барлық жеңімпаздарды және олардың жетекшісін беделді халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз, шығармашылық жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Приемная комиссия