• 05.12.2024

Креативті индустриялар бойынша Конференция

Авторkaznai

Ноя 29, 2021

2021 жылдың 26 қарашасында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Креативті кеңістіктегі жастардың шығармашылық бірлестіктері: стратегиялар, білім беру ортасы, іске асыру тетіктері» атты ғылыми-практикалық конференциясын аралас форматта өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Германия ұйымдарының спикерлері, теоретиктері, практиктері мен оқытушылары қатысты.

Ұйымдастырушылар Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімі мен арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасы.

Конференцияның мақсаты жас ұрпақтың қазіргі ұлттық экономиканың саласы ретінде мәдениетті дамытудағы ерекше маңыздылығын анықтау болды.

Іс-шараның мәжілісаралық пленарына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің мүшесі Елнұр Бейсенбаев, Алматы қаласы креативті индустрия Басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, British Council Орталық Азия бойынша өнер және креативті экономика жөніндегі жобалардың жетекшісі Галина Корецкая, Creative Bureau-дің құрылтайшысы (Алматы қ.) Кристина Бекмурзаева, философия докторы (PhD), Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Сабина Акжарова және ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Поздравление Министра МКС А. Р. Раимкуловой

Конференцияда алғы сөзді Т. Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА ректорының у. м. а. Шәріпбек Әмірбеков алып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берді. «Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде қазақстандықтар үшін басты бағдар болатын және мемлекет ретінде басты маңызы бар «Мемлекеттіктің жеті тұғыры» қағидаттары жинағында «Қазақ елінің қалыптасуының маңызды құралы: елдегі дарынды, шығармашыл, жігерлі және мақсатты жастар. Әсіресе, белсенді, табысты жастардың ірі компанияларда еңбек етіп, әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтар ашып, өмірдің әр саласында кәсіби танылып жатқанын көру қуантады» деген еді. Бұл халықаралық конференция креативті индустрия саласындағы алдағы табысты қызмет үшін маңызды бағдар болады деп есептеймін», делінген құттықтау хатта.

Келесі сөз кезегі ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің мүшесі Елнұр Бейсенбаев берілді. «Креативті индустрия — әлемдік экономиканың ең дамушы кластерінің бірі деп есептеймін. Бүгінгі таңда өнер әлемі креативті экономикадағы интеграциялық үлестердің соңғы технологиялары мен медиа бойынша қарқынды дамып келеді. Ал оның басты жеңісі — шекараның болмауында. Яғни сыртқы нарыққа шығу жолдарының жеңілдігінде. Индустрияда жұмыспен қамтылғандардың саны үнемі өсіп, сәулет, өнер, дизайн, сән, кино, телевидение салалары бойынша креативті индустрияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі ғылыми ордада тікелей осы саланың драйвері болатын жастармен жұмыс жасау арқылы біз ең бірінші осы креативті экономика дегеніміз не және ол нені қамтиды дегенді анықтауымыз қажет деп есептеймін. Креативті индустрия қабырға не темір емес, ол шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі деп түсінемін. Осы жерде жоғарғы оқу орындарының үлестері аса маңызды», — деді өз сөзінде.

Алматы қаласы креативті индустрия Басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев осы сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Креативті экономиканы дамыту әрбір мегаполис стратегиясының міндетті шарты. Сол үлкен мегаполистің бірі — Алматыда біз шығармашылық сектордың барлық өкілдерімен белсенді диалог құрып жатырмыз. Бізде креативті индустриялар кеңесі ұйымдастырылған. Оған өнердің жетекші өкілдері — музыканттар, продюсерлер, режиссерлер және басқа да шығармашылық адамдары кіреді. Креативті индустриялар басқармасы қаржылық, шығармашылық қолдау шараларын енгізді. Сондай-ақ, 7 желтоқсанда біз жұмыспен қамту жәрмеңкесін өткіземіз. Яғни, осы салада жұмыспен қамтылмағандар көп екенін ескере отыра, біз бизнес секторының, өзіміздің жұмыспен қамту орталығымыздың күш-жігерін біріктірдік. Алдағы уақытта өзінің талантын көрсету арқылы кез келгені жұмыспен қамтыла алады», — деді.

Іс-шара қатысушылардың: кәсіпкерлердің, шығармашыл жастардың, оқытушылар мен магистранттардың шығармашылық индустрияның даму тенденциялары мен бағыттарын талдаған және шығармашылық, білім беру және экономика салалары үшін ұсыныстармен бөліскен баяндамаларымен жалғасты.

Конференцияға қатысушылар:

  • British Council (Орталық Азия) (Алматы, Қазақстан)
  • Creative Bureau (Алматы, Қазақстан)
  • Impact Hub Almaty (Қазақстан)
  • Қазақстанның хореоргафия өнері туралы Qazaq Ballet Magazine интернет-
  • журналы (Алматы, Казахстан)
  • Еуразия Мәдени Альянсы (Алматы, Қазақстан)
  • Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы (Алматы, Қазақстан)
  • Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (Алматы, Қазақстан)
  • Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық Университеті (Алматы, Қазақстан)
  • Uly Dala әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясы (Алматы, Қазақстан)
  • Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан)
  • BT театры (Алматы, Қазақстан)
  • «Тұран» Университеті (Алматы, Қазақстан)
  • Алматы қаласының креативті индустрия Басқармасы (Қазақстан)
  • Алматы менеджмент Университетінің креативті индустрия орталығы (Қазақстан)

Шет елдер:

  • Өзбекістан Республикасы Мәдениет Министрлігі жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту Қорының қазіргі заманғы өнер орталығындағы жас суретшілер CCNA Lab зертханасы (Ташкент, Өзбекстан)
  •  Goethe-Institut (Берлин, Германия)
  • Бішкек қазіргі заманғы өнер мектебі (Бішкек, Қырғызстан)
  • СИ ұжымы (Бішкек, Қырғызстан
  • Камолиддин Бехзода атындағы өнер және дизайн Ұлттық институты (Ташкент, Өзбекстан)
  • Мирзорахмат Олимов атындағы республикалық көркемсурет колледжі (Душанбе, Тәжікстан)
  • Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург, Ресей)
  • «Сорос-Қырғызстан» Қоры (Бішкек, Қырғызстан)
Приемная комиссия