«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жанынан құрылған фольклорлық лабораториясы
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында «Дәстүрлі мәдениет және өнер» кафедрасының негізінде ашылған болатын. Қазіргі уақытта кафедрада 6B02101 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әні» және «Халық аспаптары» мамандандыруы бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады.
- 2008-2009 жылдары кафедраның меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген әртісі Қосбармақов Е.А.
- 2009-2012 жылдары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев А.Ж. басқарды.
- 2012-2020 жылдары кафедра меңгерушісі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Р.Ө.
- 2020-2022 жылдары кафедра меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпейісов Н.Қ.
- 2022-2024 жылдары кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, PhD, Бекмолдинов Н.С.
- Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, доцент Даржан Шолпан Жарқеткенқызы болып табылады.
Әр жылдары кафедрада елімізге танымал өнер қайраткерлері мен халықаралық дәрежедегі ғалымдар еңбек еткен. ҚР құрметті білім беру қызметкері, «Этнографиялық және этнологиялық зерттеулер» номинациясы бойынша Еуразиялық әдебиет сыйлығының күміс иегері, өнертану ғылымдардың докторы, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері Мұхамбетова А.И.; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Момынов П.Н.; өнертану ғылымдардың докторы, профессор Омарова Г.Н.; өнертану ғылымдардың кандидаты Сабырова А.С.; өнертану ғылымдардың кандидаты, доцент Мұсағұлова Г. Ж.; қобызшы, зерттеуші Ақмолда Саян; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты С. М. Медеубек және т.б.
Бүгінде кафедрада музыкалық орындаушылық өнер мен музыка ғылымы саласындағы белгілі мамандар қызмет атқарады:
- Қазақстанның халық әртісі, профессор Стамғазы Рамазан Өмірәліұлы;
- ҚР мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдардың кандидаты, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор Мұқышев Талғат Кәріпжанұлы;
- Өнертану ғылымдардың кандидаты, қауым. профессор Алсаитова Раушан Капышевна;
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Жанпейісов Нұржан Қабимолдаұлы;
- ҚР мәдениет қайраткері, доцент Әбуғазы Мұрат Қазенұлы;
- Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, доцент Даржан Шолпан Жарқеткенқызы;
- Өнертану ғылымдардың кандидаты, доцент Қазыбекова Жайдаргүл Алмасовна;
- Мәдениет саласының үздігі, оқытушы Ислямгалиев Армат Жубаевич;
- ҚР мәдениет саласының үздігі Абугазин Талғат Қазенұлы;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нурмолдин Сырым Жумабекович;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы Картенбаева Қорлан Маратқызы;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы оқытушы Дүйсенбекқызы Тоғжан;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы Муканов Жанат Канатович;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы Нұрғали Төлеби Нұрғалиұлы;
- Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы оқытушы Какімбай Ғали.
Кафедраның мықты ғылыми және педагогикалық әлеуетінің арқасында кафедрада 2012ж. магистратура (7M02179 – «өнертану магистрі»), 2013ж. – PhD докторантура (6D041600 – «Өнертану», «Музыка тарихы мен теориясы» мамандандыруы) ашылды.
Кафедраның зор шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуеті кафедра оқытушылары мен студентерінің Республикалық және Халықаралық конкурстарға, республиканың концерттік өміріне (сонымен қатар үкіметтік концерттерге), шетелдерге гастрөлдік сапарларға, жеке концерттерге, радио мен теледидар бағдарламаларына, монографиялар мен мақалалар жинақтарын, оқу құралдары және бағдарламаларды басып шығаруға, Республикалық және Халықаралық конференцияларға белсенді қатысуы, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауы арқылы ашылады. Кафедра оқытушылары үнемі әр түрлі конкурстар мен фестивальдердің қазылар алқасы құрамында жұмыс істейді.
Дәстүрлі музыка өнері саласындағы білім беру үрдісінің тиімділігін және сапасын арттыру негізінде мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, Республиканың, сондай-ақ шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және мәдени ұйымдарымен өзара интеграциялық іс-әрекетін күшейту, музыкалық өнер саласында мамандар даярлауда кафедраның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылады.
Іздеу
Хабарландырулар

30.10.2026

27.10.2026

