• 05.07.2022

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

          Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Сценография» кафедрасы 2022 жылдың 18-24 ақпан күндері өтетін талапкерлерге арналған «Дарынды сценограф» атты республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:

– сценография мамандығы бойынша қабілеті бар дарынды жастарды тарту;

– қызығушылығы бар жас таланттар иесіне академиямыздың жаңа оқу жылында қандай талаптар қойылатынын ескертіп, талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;

– І,ІІ,ІІІ орын алған байқау лауреаттарына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сценография» білім беру бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни, шығармашылық емтиханды тапсырмай, тек ҰБТ нәтижесімен түсүге құқығы бар.

– жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;

– дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.

Ұйымдастырушы: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультеті «Сценография» кафедрасы.

Жауаптылар: Е.Нурсултан,  С.К.Каржаубаева (+7 7775177780)

Байланыс телефондары: 8 727 / 272 99 04 (деканат)

                                            +7 777 2437117 (Р.К. Аристангалиева)

Электронды мекен-жай:  kaznai_scenography@mail.ru

Приемная комиссия