• 26.12.2024

Дәстүрлі музыканы сақтау және дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел

Авторkaznai

Окт 15, 2022

Өнертану ғылымдарының докторы, профессор А.И. Мұхамбетованың 80 жылдығына орай

«Ауызша-музыкалық кәсіби шеберлік дәстүрлері және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен дәстүрлі музыканы сақтау және дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел

14 қазан күні сағат 14.00-де Кинозалда дәстүрлі музыканы сақтау мен дамыту, оның заманауи мәдениеттердегі қызметі, дәстүрлі музыканттарды оқыту мәселелеріне арналғанДөңгелек үстел өтті.

Модераторлар: Каромат Дилором, Құрбанов Қалмырза, Омарова Гүлзада

• Дөңгелек үстел аясында келесі баяндамалар тыңдалды:

Джурати Джованни, философия ғылымдарының докторы (PhD), Рим «Ла Сапиенца» университетінің профессоры (Рим, Италия): «Мастер Меас Са Эм жинаған кхмер дәстүрлі музыкасының құжаттамасы және репатриациясы. Дидактикалық перспектива (онлайн);

Де Дзорзи Джованни, философия ғылымдарының докторы (PhD), Ка’ Фоскари университетінің философия және мәдени мұра кафедрасының профессоры (Венеция, Италия): «Осман империясы кезінде ауызша жеткізудің «мешк» әдісі және оның қазіргі Түркиядағы қайта жандануы: Орталық Азияға үлгі» (онлайн;)

Абдурашидов Абдували, өнертану ғылымының кандидаты, Тәжікстанның халық әртісі, Тәжікстанның Мақом академиясының меңгерушісі, Ю. Раджаби атындағы Өзбекстан ұлттық музыка өнері институтының дәстүрлі музыка тарихы және теориясы кафедрасының профессоры (Душанбе, Тәжікстан): «Шашмаком классикалық өнердің дәстүрлерін қалпына келтіру туралы».

Конференцияның, фестивальдің және шеберлік сыныптарының қорытындысын шығаратын баяндамалар талқыланды.

«Ауызша және музыкалық кәсіби шеберлік және қазіргі заман дәстүрлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның резолюциясы жоба түрінде қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия