• 26.04.2024

ДӘУРЕН ӘБИРОВ-АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ БАЛЕТМЕЙСТЕРІ!

Авторkaznai

Ақп 14, 2023

2023 жылдың 10 ақпанында Темірбек Жүргенов ат. ҚҰӨА «Хореография» факультеті хореографтың 100 жылдығына арналған «Дәурен Әбиров – тұңғыш қазақ балетмейстері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс – шараға құрметті қонақ ретінде  Дәурен Тастамбекұлының балалары-Әбиров Еркін Дәуренұлы және Әбирова Камиля Дәуренқызы шақырылды, сондай-ақ  Темірбек Жүргенов ат. ҚҰӨА «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры, ө.ғ.к., Жуйкова Людмила Антоновна қатысты.

Іс-шара барысында қонақтар мен қатысушылар алдында отандық өнердің көрнекті метрінің өмірі мен шығармашылығына арналған академия студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары өз баяндамаларын жасады: «Д. Т. Абировтың педагогикалық қызметі» – Нұрмағамбетова Медина ПХ 4 курс студенті; «Балетмейстерлік өнер»  кафедарсының 1 курс докторанты Кукетов Берік Алпысбайұлы; «Дәурен Әбіровтің ұлттық билердің мазмұндық ерекшеліктері»-  1 курс докторант Бәкірова Самал Әбілпатташқызы; «Дәурен Әбиров және ХХ ғасырдағы қазақ хореографиясы» – Темірбек Жүргенов ат. ҚҰӨА «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Молдахметова Алима Талгатовна; «Дәурен Әбиров – ұлттық хореографиядағы маңызды тұлға» Темірбек Жүргенов ат. ҚҰӨА «Сахна пластикасы» кафедрасының меңгерушісі Шанкибаева Әлия Бахитжанқызы.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізудегі «Хореография» факультетінің серіктестері: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті   хореография және арт-менеджмент кафедрасы (Алматы).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия