Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультеті, Драма және кино артисі мамандығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Рахилям Машурова шеберханасының 4-курс студенттері дуалды оқыту аясында диплом жұмыстарын қорғады. Дипломдық спектакльдер Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында көрсетілді.
Студенттер театр сахнасында Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түн», «Ардақ», «Кербұғы» триптихін және Уильям Шекспирдің «Ромео&Джульетта» деген екі актілі трагедиясын ұсынды.
Жұмыстарды бағалау мақсатында өткізілген қорытынды аттестаттауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, комиссия төрағасы Толғанбай Ж., Театр өнері факультетінің деканы Кульсеитова М., Актер шеберлігі және режиссура кафедрасының меңгерушісі Кажнабиева Б. қатысты.