• 23.04.2024

«Дизайнерлердің» халықаралық конференциясы өтті

Авторkaznai

Сәу 12, 2023

Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Дизайнерлердің» халықаралық конференциясы өтті

2023 жылдың 11 сәуірінде сағат 11.00-да Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Камал Смайылов атындағы кино-залында Ғылым апталығы аясында «Креативті индустриялар дәуіріндегі Дизайн» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық конференция Ұлттық дизайн институтымен (Ресей, Мәскеу қ.) бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияға «Еуразия дизайнерлер Одағының» мүшелері, қоғам қайраткерлері, Республикамыздың Шымкент, Астана, Атырау, Шучинск, Талдықорған, Алматы қалаларынан келген жоо профессорлары мен оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Дизайн мәселесі бойынша конференция тақырыбына баяндама жасағандар – академияның ғылыми ж.ж. проректоры Халықов Қ.З., Академияның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Байділда Б.Н., «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Кошенов Қ.С., «Бабалар аманаты» Қоғамдық қорының жетекшісі Көдеков Қ.

Дизайн көрмесінде үздік шығармашылық жетістігімен ерекшеленген мамандарға «Еуразия дизайнерлер Одағының» медальдарын профессор Асылханов Е.С. тапсырды.   

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия