• 25.04.2024

Дөңгелек үстел (Нетворкинг)

Авторkaznai

Жел 2, 2022

Темірбек Жүргеновтың 125-жылдығына арналған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің Дөңгелек ұстелі (Нетворкинг)

29 қараша 2022 ж. сағат 12.00-де Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кітапханасында 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланына орай «Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігі күндеріндегі бейнелеу өнерінің туындыларын талдау, 1936 жыл» тақырыбында Дөңгелек ұстел (Нетворкинг) өткізілді. Идея авторы – т.ғ.д., профессор Арман Айыпбекқызы Кульшанова. Іс-шараны ұйымдастырып өткізуге жауапты «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұстаздары: PhD, «Көркемсурет» кафедрасы доценті Е.Б. Кайранов және ф.ғ.к., «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасы профессоры Ж.Т. Беристенов. Дөңгелек үстел барысында бірнеше академия ұстаздарының дайындаған презентациялары көрсетіліп баяндамалары тыңдалды. Негізгі талқыланған өзекті мәселе осы 1936 жылы КСРО мемлекетінің астанасы болған Мәскеу қаласында өткізілген декада барысында суретшілер көрмелері туралы архивтік ақпараттар көрсетіліп айтылды. Және де осы халықаралық декададан кейін Қазақстандағы Суретшілер Одағының ашылуы, оқу орындарының ашылуы, бейнелеу өнерінің дамуы жөнінде маңызды мәліметтер таныстырылды. Осындай көптеген жетістіктердегі Темірбек Жүргеновтың негізгі рөлі мен орны белгіленіп төмендегі баяндамашылар арқылы тыңдаушы қонақтар, ұстаздар, магистранттар және студенттерге таныстырылды:

1) Садыкова Айгуль Егинбаевна, п.ғ.к., «Қазақстан тарихы мен әлеуметтік пәндер» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «1936 ж. Мәскеуде қазақ мәдениеті мен өнері бойынша Декаданы ұйымдастырушы Т. Жүргеновтың рөлі»;

2) Беристенов Жанарбек Танигазинович, ф.ғ.к., «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: «1930-шы жылдардың басына қарай Қазақстанда суретшілердің шығармашылық ұйымының қалыптасуы»;

3) Кайранов Ербол Бахарамович, PhD, «Көркемсурет» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейнелеу өнеріндегі Темірбек Қараұлы Жүргенов тұлғасының бейнеленуі»;

4) Досжанов Бауыржан Таттибекович, ҚР СО мүшесі, өнер ғылымдарының магистрі, «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Ресей Федерациясында өтетін ІІІ триеналле халықаралық көрмесіндегі Қазақстанның заманауи гобелен өнері суретшілерінің жетістіктері туралы студенттерді ақпараттандыру»;

5) Нурдубаева Асия Руслановна, ҚР Сәулетшілер мен Дизайнерлер одақтарының мүшесі, сәулет кандидаты, «Дизайн» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Национальный суверенитет и личность в истории. Т.Жургенова. Формула: «национальная по форме, интернациональная по содержанию».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия