• 16.06.2024

Ғылым апталығы аясында Темірбек Жүргеновтың 125-жылдығына

арналған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 

дөңгелек үстелі өткізілді

2023 жылдың 13 сәуірі күні сағат: 11.00-де  Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кітапханасында түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы деп жариялағанына орай «Қазақстан бейнелеу өнеріндегі Темірбек Жүргеновтің портреттік тұлғасы» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұстаздары: PhD, «Көркемсурет» кафедрасы доценті Е.Б. Кайранов және PhD, «Көркемсурет» кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Еспенова. Дөңгелек үстел барысында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұстаздары дайындаған презентациялары көрсетіліп баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстел модераторы: PhD, «Көркемсурет» кафедрасы доценті Е.Б. Кайранов болды.

Баяндамашылар:

  • 1) Беристенов Жанарбек Танигазинович, ф.ғ.к., «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: «1930-шы жылдардың басына қарай Қазақстанда суретшілердің шығармашылық ұйымының қалыптасуы»;
  • 3) Кайранов Ербол Бахарамович, PhD, «Көркемсурет» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейнелеу өнеріндегі Темірбек Қараұлы Жүргенов тұлғасының бейнеленуі»;
  • 4) Бекибаева Гульнар Джамбуловна,  ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, ВВЦ лауреаты, Manera брендінің арт директоры, «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Апсайклинг  в дизайнерской практике студентов ОП Мода и дизайн костюма»;
  • 5) Нурдубаева Асия Руслановна, ҚР Сәулетшілер мен Дизайнерлер одақтарының мүшесі, сәулет кандидаты, «Дизайн» кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Национальный суверенитет и личность в истории. Т.Жургенова. Формула: «национальная по форме, интернациональная по содержанию».
  • 6) Тыныбекова Жанна Туганбаевна, ҚР СО мүшесі, «Көркемсурет» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі. Баяндама тақырыбы: «Культпоход в витражное искусство кафедры «Изящных искусств».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия