• 22.12.2024

«Шың» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Авторkaznai

Мар 28, 2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлығының лауреаты, ҚР Суретшілер Одағының сондай-ақ Еуразиялық және Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Досжанов Бауыржанның «Шың» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Бауыржан Досжановтың шығармашылық ізденістерінің бірі болып табылатын көрмеде ұсынылған тафтинг тәсілінде орындалған туындылары өзіндік ерекшелігімен даралана түскен.Үшбұрыштық проекциялау, әлемнің трансформациялануы бейнелеу өнерінде ежелден келе жатқан символдық мәнге ие ұғымдардың бірі. Көрмедегі туындалардың сюжетіндегі таулар көбінесе ғарыштық құрылымның барлық негізгі элементтері мен параметрлерін көрсететін әлемнің бейнесі, ғаламның үлгісі ретінде қабылданады. Жайлау, көшпенді халық, киіз үй, жер, су, көк туындылардың басты көріністері болы отырып, біздің түпсанамыздағы дүниетанымымызға жетелейді. Жаратылысты тану қашанда Шыңдарға жетелейтінін суретші көрмесінде ұсынған шығармашылық жұмыстары арқылы тамашалауға шақырады.

Көрме  «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Сәндік өнері» кафедрасының сондай-ақ Өнертану факультеті, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Көрмеде «АЛУАН» жас өнертанушылар лабораториясы мүшелерінің (1,2 курс студенттері) көркем туындыларға жазған сипаттамалары мен талдаулары QR арқылы қойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия