Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Рим қаласындағы SAINT LOUIS College of Music жоғары оқу орнымен бірлесіп, «Playing Memories» атты халықаралық жобаға қатысып жатыр. Аталған жоба шеңберінде 2025 жылдың 20 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Академия студенттері мен оқытушылары SAINT LOUIS College of Music базасында театр қойылымын дайындайды. Шығармашылық процесс Италия Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен және қаржыландыруымен жүзеге асырылады.
2025 жылдың 10 шілдесіне дейін жалғасатын бұл халықаралық бастама Қазақстан мен Италия елдері арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді. Жобаның қорытындысы ретінде 8 шілде күні Алматы қаласындағы Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында қос елдің артистері дайындаған ортақ спектакль көрермен назарына ұсынылады.
Баршаңызды халықаралық деңгейде сахналанатын спектакльді тамашалауға шақырамыз. Қапы қалмаңыздар!