• 29.03.2024

«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК» атты дөңгелек үстел

Авторkaznai

Ақп 28, 2022

Т.ЖҮРГЕНОВ атын.ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» және «Жеке ән салу» кафедраларының ұйымдастыруымен  өтетін

 «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК» атты дөңгелек үстел

2022 жылдың 25 ақпанында «Жеке ән салу» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедралары бірлесе отырып мәдени, ғылыми, танымдық  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – еліміз егемендігін алғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін айту, насихаттау.

Дөңгелек үстелдің қонақтары – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы РММ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абзал Қуанышұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Құлбаев Аман Бекенұлы, Мәдениет қайраткері, сазгер-әнші, доцент Дәлел Уәш, сонымен қатар, академиямыздың профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты

Дөңгелек үстелдің модераторы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., профессор Әлімжанова Әлия Шарабекқызы бастап, әр баяндамашының сөзіне мұқияттылықпен нақышын келтіре отырып, ойға ой қосып қорытындылай білді. «Жеке ән салу» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедраларының профессорлық-оқытушы құрамы сөз алып, дөңгелек үстелді әуезді әуенмен, сараланған, сарқылмас өзекті ойлармен жалғастырды.

 «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелді «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Сапаргалиева Гульдана Галымовна әр баяндаманың, әр баяндамашының ерекшелігін атап, жүрек жарды алғыс сөзімен қорытындылады.

Приемная комиссия