Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының арнайы шақыруымен «Еріктілер – ел ертеңі. Мен еріктімін» атты тәрбие сағатына «Komek» еріктілер ұйымы білім ордамызда қонақта болды.
«Komek» еріктілер ұйымы 2013 жылдан бастап қарапайым адамдарға қол ұшын созып жүрген ұйымдардың бірі. Қазіргі таңда «Komek» еріктілер ұйымының еріктілік қызмет көрсету мүмкіндіктері спорт саласынан бастап мемлекетіміздің түрлі экономикалық, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға дейін ауқымы кеңейді. Ұйым басшысы Гафуров Аламшо студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, мол ақпаратпен бөлісті
Қонақтармен кездесу барысында студенттер мен ұйымның бірлесе жұмыс істеп, көптеген жаңа, тың идеялары мен мүмкіндіктері пайда болды.
«Komek» еріктілер ұйымы академиямыздың «Сәулет дизайны» мен «Графикалық дизайн» топтарын болашақта өз мамндықтары бойынша тәжірибе алмасуда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар ұйым студенттерге Шымбұлақ шаңғы базасына тегін жолдамаларын сыйға тартты.