• 04.10.2022

Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша семинар

Авторkaznai

Қыр 12, 2022

Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру тобына арналған семинар

09 Қыркүйек күні Алматы қаласы «Достық үйінің» Мәжіліс залында  2022 ж. маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  бекіткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 ж. даму тұжырымдамасы» негізінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен «Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша қалалық Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) қызметі туралы Тұжырымдамасы» талқыланып, Ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, АТТ мүшелерінің жоспарлаған жұмыстары дөңгелег үстөл басында талқылады.

Аталған     Іс-шараға  Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының пәндер оқытушылары: Божбанбаев Бауыржан Мүратбекұлы, Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы, Удербаева Ляззат Дулатқызы, Усенова Меруерт Баубекқызы қатысты.

Іс шараның мақсаты: қоғамдағы этносаралық қатынастар саласындағы профилактикаға бағытталған мәселелер бойынша қалалық АТТ қызметін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. АТТ негізгі қызметі-қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Іс шараға  қатысқандар:

Алматы қаласы ҚХА -ның Хатшылығы басшысы Балгимбаев Назар Албанұлы

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Тажмуратов Шокан Ерболатович

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының  орынбасары, ҚР құрмет орденінің  иегері Нәлібаев  Жанибек Бакирұлы

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мауленов Нурлан Онласынұлы

 «Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының президенті Георгий Константинович Иорданиди                                                                   

«Ырныхас» Осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Қазбек Владимирович Халықаралық дәрежедегі Медиатор Жакупов Жанділдә Әжіғалиұлы Алматы қаласы бойынша құрылған Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері

Спикерлер

  • 1. Алматы қаласындағы ҚХА  ҒСТ мүшесі, Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. к.филос.Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы
  • 2.Қазақстан философиялық Конгресінің Вице-президенті филос.ғ.д. профессор Әл-Фараби, ҚазҰУ «Философия» кафедрасының профессоры, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, философия ғ.д. проф.  Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
  • 3. Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты  Дінтану орталығының директоры, PhD докторы Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы
  • Модератор: к.филос.Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы
  • Өткізілген күн: 09.09.2022 ж.
  • Өткізілген уақыты:  11.00
  • Өткізілген орны: Алматы қ. Достық үйі, Жароков к-сі, 215

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия