• 16.10.2024

Футбол жарысы

Авторkaznai

Қаз 10, 2024

Республика күніне орай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахналық пластика және дене шынықтыру» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер арасында мини-футболдан қызықты жарыс өткізді.

Турнирге Академияның әртүрлі бөлімшелерін таныстырған бірнеше команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп, кубокқа ие болған – КазҰӨА колледжінің құрамасы. Екінші орынды Академия әкімшілігінің командасы, үшінші орынды – кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің құрамасы жеңіп алды.

Жарыстар Академия қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның командалық рухын және өзара түсіністігін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирдің ерекше марапаттарын алған қатысушылар:

  • – Үздік шабуылшы – Әбуов Нұрхан (әкімшілік).
  • – Үздік ойыншы – Мырзашев Ғали (колледж).
  • – Үздік қорғаушы – кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы Байділда Бауржан.
  • – Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің үздік ойыншысы – Жұмағұлов Мәлік.
  • – Кино және телевидение факультетінің үздік ойыншысы – Қарабеков Нұркен.

Мұндай спорттық шараларды өткізу ұжым арасында денсаулықты нығайтуға, көңіл-күйді көтеруге және достық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия