2026 жылғы 15 сәуірде сағат 10.00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоратында шығармашылық жоғары оқу орындарының магистранттары үшін «Үздік постерлік баяндама – 2026» VI Халықаралық байқауы өтеді, оған 2 курс магистранттары қатысады.
Биыл конкурсқа келесі жоғары оқу орындары қатысады: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Мемлекеттік өнер және мәдениет институты (Өзбекстан Республикасы), Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы халықаралық білім беру корпорациясы, Мемлекеттік консерватория (Өзбекстан Республикасы), Алтай мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан Республикасы)
Профессор-оқытушылар құрамын қатысуға және қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!
Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі







