Бүгін Академия ректоры Мәскеу қаласында өткен «Серебряная шпага» мен ІІ Халықаралық «Табуретка» байқауларында, сонымен қатар Бішкек қаласында өткен «Жаңа ысымдар» студенттер театры фестивалінде жеңіске жеткен Асанәлі Әшімов, Рахилям Машурова және Асан Мажит шеберханаларының студенттерін алғыс хатымен марапаттады. Үздік студенттерді дайындап, Академияның шет елдерде танылуы мен дамуы жолында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар оқытушыларға да алғыс хаттары табысталды.
Студенттерге сәттілік тілей отыра, алдағы уақытта да әлем сахналарының төрінен көреміз деп сенеміз. Шығармашылық табыстар тілейміз!




