2026 жылдың қараша айының басында «Хореография» факультетінің студенттері бірнеше халықаралық байқаулар мен турнирлерге қатысты.
2026 жылдың 8 қарашасында Алматыда би спортынан «Royal Dance Cup» халықаралық турнирі өтті. 6В02178 «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, «Спорттық бал биінің педагогикасы» дайындық бағыты Смирнов Тимофей «Жастар жұп» санатында III орынды иеленді.
2026 жылғы 3–9 қарашада Бішкекте (Қырғызстан) «Улуу-Элес» балет әртістерінің II ашық халықаралық байқауы өтті.
6B02178 «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының, «Хореография педагогикасы» дайындық бағытының 1 курс студенті Дандағариев Батырхан «Кіші топ» санатындағы конкурстың дипломанты атанды.
6B02178 «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының, «Хореография педагогикасы» дайындық бағытының 1 курс студенті Жаңабекұлы Төлеген конкурстың «Кіші топ» санатында III орын алды.













