• 13.07.2024

«Халық ынтымақтастығын нығайтатын – Ұлттық құрылтай»

Авторkaznai

Нау 29, 2024

«29.03.2024. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»    кафедрасының бастамасымен өтіп жатқан «Ұлттық құрылтай –  ел дамуының жаңа бағдары» ақпараттық апталық аясында кафедра доценті Б. М. Божбанбаев «Кино және ТВ»  факультеті, «Арт-менеджмен», «Медиажурналистика» мамандықтары  бойынша білім алатын, 2 курс студенттерімен  «Халық ынтымақтастығын нығайтатын – Ұлттық құрылтай» тақырыбы бойынша семинар өткізді.
Семинар сабағының барысында «Архитектурный дизайн» мамандығы  бойынша білім алатын 2 курс  студенті Мейрамбек Назым, «Көркем фильм режиссурасы»  мамандығы  бойынша білім алатын 2 курс  студенті Алдакеева Айша, «Медиажурналистика» мамандығы  бойынша білім алатын, 2 курс студенті Нұрахметова Камила, «Арт-менеджмен» мамандығы  бойынша білім алатын  2 курс студенттері Аманғазы Ләззәт, Советқалиева Аружан баяндама жасап, пікірлерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар еліміздің экономикалық және  қоғамдық құндылықтарды нығайтуға маңызды  екенін атап өтті.
Семинар қорытысында студенттер бір ауыздан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Үшінші Ұлттық құрылтай» отырысында  ұсынған жаңа идеяларын қолдайтындарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия