• 22.12.2024

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Авторkaznai

Сен 2, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің

«Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті достар және әріптестер!

2022 жылдың қазан айының 12-14 жұлдызында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (Алматы қ., Қазақстан) өнертану докторы, профессор А. И. Мұхамбетованың 80 жылдығына арналған Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасының фестивалі және «Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

  • Ұйымдастырушылар: Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімі,  Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы және Өзбекстан Ғылым Академиясының Өнертану институтының музыкалық өнер бөлімі (Ташкент).
  • Ұйымдастыру комитеттің мекен-жайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов көшесі, 127
  • Телефон: +7 7707 255-00-35 (whatsapp); +7 (727) 272-04-99
  • Электрондық пошта: ogulzada@mail.ru
  •  Ресми сайтhttp://kaznai.kz/
  • Instagram: @zhurgenov.science

Конференцияда әлемдік жаһандық үдерістердің қазіргі кезеңінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттерді сақтау және дамыту мәселелеріне басты назар аударылады.  Жаһандану кезінде ұлттық орындаушылық пен ұлттық (дәстүрлі) музыканттарды оқыту мәселелері  тек талқылауды ғана емес, сонымен қатар нақты  шешімдерге келуді талап етеді. Бүгінгі таңда Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының тағдыры қазіргі дәстүрлі музыка орындаушыларының қызметі мен оларға білім беру мәселелері қалай шешіліп жатқанымен тығыз байланысты.

Конференцияға дәстүрлі музыканттардың орындаушылығы мен оларды оқыту мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, Орталық Азия елдерінде кәсіби және жаппай музыкалық білім беру әдістемелері, теориялық және практикалық тәжірибелері бар әртүрлі музыкалық мекемелердің оқытушылары (ұстаздары) шақырылады.

Дәстүрлі музыка фестивалі шеңберінде ауызекі-музыкалық кәсібилік саласында оқытудың қандай да бір дәстүрлі тәсілдері мен әдістемелерін, қазіргі заманғы білім беру ұйымдарында білім алушылармен жұмыстың практикалық нысандарын көрсету мақсатында мастер-класстар өткізу көзделеді.

Конференция жұмысының басым бағыттары:

  • — жаһандану және материалдық емес мәдени мұраны (дәстүрлі музыканы) сақтаудың практикалық мәселелері;
  • — Орталық Азия этномузыкатануы мен этномузыкатану мектептері;
  • — Шығыстың ауызекі-кәсіби мәдениеттеріндегі дәстүрлі орындаушылық, композиторлық және орындаушылық мектептер;
  • — Орталық Азия мәдениеттерінде дәстүрлі музыка мен оны орындау формалары, ұлттық музыка өнер өкілдерінің қазіргі қызметі;
  • — Орталық Азия елдеріндегі музыкалық мұраны жалғастыру (трансляциялау) мәселелері, дәстүрлі және замануи музыкалық білім беру жүйесі;
  • — ауызекі-музыкалық өнердегі оқыту әдістері (халық әні, аспаптар, эпос және т. б.), оларды кәсіби және бұқаралық музыкалық тәрбие саласында қолдану мәселелері;
  • — этносольфеджио және дәстүрлі музыканттардың кәсіби музыкалық білім беру жүйесіндегі басқа да музыкалық-теориялық пәндер.

Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Басып шығарылған нұсқасы ақылы түрде қолжетімді болады.  

Конференция аралас форматта (офлайн және онлайн) өтеді. Арнайы сұраныс бойынша қатысушыларды жіберуші тараптың есебінен Академияға ресми шақыруға болады.

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 5 қыркүйегіне дейін ogulzada@mail.ru. электронды мекенжайға өтінім мен баяндама тезистерін беру қажет. Конференция ұйымдастырушылары өтінімдер мен тезистерді іріктеу құқығын өздеріне қалдырады. Өтінімдер мен тезистер талаптарға сәйкес келген жағдайда, материалдар жинағын басып шығару мақсатында 2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін баяндамалардың толық мәтінін алу үшін ұйымдастырушылар 7 қыркүйекке дейін өтініш берушілермен байланысады.

  • Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
  • Баяндамалармен сөз сөйлеу регламенті: 15 минуттан артық емес (+5 минут пікірталас)

Қосымша 1. Өтінім үлгісі.

 Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының   «Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман»  Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға ӨТІНІМ

Тегі, Аты, Әкесінің аты (жеке куәліктен немесе паспорттан толық жазылады) 
Жұмыс орны / оқу орны (мекеменің толық атауы қысқартусыз) 
Лауазым / Білім алушылар үшін курс және кафедра 
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы (бар болса) 
Байланыс телефоны (Telegram, WhatsApp) 
Электрондық пошта 
Пошталық мекенжайы (индекспен) 
Баяндама және/немесе мақала тақырыбы (тырнақшасыз) 
Баяндамамен сөз сөйлеу (иә / жоқ) 
Қатысу онлайн/офлайн (тиістісін қою) 

Қосымша 2. Мақалаларға қойылатын талаптар.

Ұйым комитет жалпы қабылданған Ғылыми және этикалық нормаларды ескере отырып дайындалған түпнұсқалық, бұрын жарияланбаған ғылыми мақалаларды ғана қабылдайды. Мақаланың мазмұны конференция тақырыбына, негізгі айдарлардың немесе секциялардың біріне сәйкес келуі тиіс.

ТӨМЕНДЕ БАЯНДАЛҒАН ТАЛАПТАРДЫ ЕСКЕРМЕЙ РЕСІМДЕЛГЕН МАҚАЛАЛАР ЖАРИЯЛАУҒА ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Ұйымдастыру комитетіне ұсынылады:

1. Мақаланың аңдатпасымен конференцияға қатысуға өтінім.

2. MS Word кеңейтіміндегі электрондық форматтағы мақаланың авторлық түпнұсқасы (мақала атауының мысалы: Асылбеков/Петров Мақала).

МІНДЕТТІ МӘТІН ПАРАМЕТРЛЕРІ

  • Шрифт: Times New Roman
  • Кегль: 14 pt
  • Жоларалық интервал: 1,0 (бір стильдегі абзацтар арасындағы интервалсыз).
  • Мақала көлемі: Бос орындары бар 15–25 мың белгі (аннотацияны, түйін сөздерді, ескертпелерді, дереккөздер тізімін қоспағанда).

Барлық келіп түскен мақалалар плагиатқа тексеріледі. Өздестірілу пайызы 20% – дан аспауы керек.

Мәтін құрылымы:

  • 1. Мақаланың тақырыптық мазмұнын ашатын ӘОЖ және МТНТИ индекстері (сол жақ жоғарғы бұрышында жартылай қалың қаріппен).
  • 2. Автор/авторлар туралы мәліметтер (курсивпен ортасында) — ТАӘ (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс (оқу) орны, оның ішінде бөлімшесі (бар болса), ORCID, электрондық пошта. Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  • Студенттер, магистранттар, докторанттар мен аспиранттар ғылыми жетекшінің барлық мәліметтерін көрсетеді: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ұйымы. Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  • 3. Мақала атауы (ортасында жартылай қалың БАС ӘРІПТЕРМЕН). Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  • 4. Аңдатпа: мақаланың қысқаша мазмұны келесі құрылым бойынша: мәселенің өзектілігі және жаңалығы, негізгі мазмұндық аспектілері, зерттеу әдістері, нәтижелері. Көлемі: кемінде 100 сөз. Мақала атауынан кейін бос орын арқылы орналастырылады. Мәтінді ені бойынша туралау. Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  • 5. Түйін сөздер аннотация мен мақаланың мазмұны бойынша (8–10 сөз). Аннотациядан кейін орналастырылады. Негізгі мәтінді ені бойынша туралау. Мәтін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  • 6. Мақаланың негізгі мәтінін бөлімдерге бөлген жөн (кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелері). Негізгі мәтінді ені бойынша туралау.
  • 7. Дереккөздер/әдебиеттер тізімі. Мәтінді ені бойынша туралау.

Мәтіндегі аты-жөнінің бірінші әріптері тегінен ажырамайтын бос орын арқылы теріледі «Ctrl» + «Shift» + «пробел» пернелерін бір мезгілде басу). Мысалы: Т. Қ. Жүргенов. Болмайды: Т.Қ.Жүргенов

Мәтінде «…» тырнақшалары қолданылады. Егер ішкі және сыртқы тырнақшалар болса, онда сыртқы — «шыршалар», ішкі — «табандар»: «…“…”».

Мәтінде «Ctrl» + «Alt» + «-» (пернетақтаның сандық блогында) пернелерін бір мезгілде басу арқылы алынатын ұзын сызықша ( — ), сондай-ақ, дефис сызықшасы (-) пайдаланылады.

Тізімдер мен тізбелерде автоматты нөмірлеу қолданылмайды.

Мәтіндегі инфографика, оның ішінде кестелер, схемалар, суреттер мен формулалар нөмірленуі тиіс; схемалар мен кестелерде кесте схемасының немесе өрісінің үстінде орналасқан тақырыптар, ал әрбір суретте — сурет астындағы аутауы болуы тиіс.

Дереккөздердің тізімі (7-ден 15 атауға дейін) қабылданған МЕМСТ-қа сәйкес мәтіндік библиографиялық сілтемелер түрінде ресімделеді, мақаланың соңына шығарылады. Басылым жасалған қаланың аты толығымен жазылады, оның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург және т. б.

Кейбір мысалдар:

Кітаптар:

Сац Н. И. Дети приходят в театр. — Москва: Искусство, 1961. — 312 с.

Журналдар, газеттер:

Сметова, А. А., Мукашева, А. Б. Становление и развитие дирижерско-хорового образования в Казахстане // Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». — 2015. — №1 (44). — С. 4–10.

Мақалалар мен конференциялар жинақтары:

Марченкова А., Марченков А. Художественный образ в хореографическом искусстве // Актуальные задачи педагогики: материалы III международной научной конференции. — Чита: Молодой ученый, 2013. — С. 25–32.

Электрондық ресурстар:

Подкорытова М. О. За кулисами Cirque Eloize. Как создается шоу о любви [Электронный ресурс] // Официальный сайт сетевого издания Uralweb.ru / URL: http://www.uralweb.ru/pages/provereno/6462.html (Дата обращения: 19.04.17).

  • Дереккөздер мақалада сілтеме/дәйексөз ретінде беріледі. Негізгі мәтіндегі тізімге сілтемелер тік жақшада беріледі [тізімдегі дереккөз нөмірі, бет] (мысалы, [8, 10-15 беттер; 9, 128 беттер]).
  • Егер дереккөзге қайта сілтеме жасау қажет болса, сілтеме бірінші сілтеме нөміріне беріледі. Қайталанатын және күрделі сілтемелер қолданылмайды. Екінші және кейінгі сілтемелердегі тақырыптарды (және журналдардың аттарын) оларды «Оның», «Ол», «Сол жерде» және т. б. ауызша баламалармен алмастыруға болмайды.
  • Дереккөздердің тізімін ресімдеу кезінде мәтіндік редактордың автоматты нөмірленуі қолданылмайды, реттік нөмір сілтеме мәтінінен табуляция белгісімен бөлінеді. Библиографиялық сипаттаманың салаларын бөлетін «нүкте» және «сызықша» белгілері нүктемен ауыстырылады. Барлық электрондық ресурстарға библиографиялық сілтемелерде міндетті түрде жүгінген күні көрсетіледі. Баспа түрінде жарық көрген ғылыми, арнайы немесе көркем әдебиетке жүгінген жөн.
  • Интернет-ресурстардан дәйексөз алу кезінде мүмкіндігінше автордың (авторлардың) аты-жөнін, жұмыстың нақты атауын, сипатталған құжат жариялаған ресурстың атауын, сондай-ақ веб-бетке-түпдерекке (материал алынған сайттың басты бетіне емес) дәл сілтемені, жүгінген күнді және т. б. толық көрсету қажет.

Мақала авторлары мақаланың мазмұнына және оның жариялану фактісіне жауап береді. Ұйымкомитет жарияланған мәліметтердің дерексіздігі үшін жауап бермейді, сонымен қатар мақаланы жариялаудан туындауы ықтимал залал үшін авторлар және/немесе үшінші тұлғалар мен ұйымдар алдында ешқандай жауапкершілікті алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия