• 03.11.2024

«ХОРЕОГРАФИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Авторkaznai

Фев 21, 2024

2024 жылдың 15–16 ақпанында Қазақстан мен Ресейдің екі жоғарғы оқу орындарының базасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ресей театр өнері институты – ГИТИС бірлескен жобасы: «Хореография педагогикасы контекстіндегі ғылым мен өнердің өзара ықпалы» атты Евгений Петрович Валукинді еске алуға арналған және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның ресми ашылуынан кейін пленарлық отырыстың бірінші бөлімінде Евгений Петрович Валукин туралы кітаптың тұсаукесері өтті, оның шығуы жобаға орайластырылған. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 20-дан астам зерттеуші қатысты.

Конференцияда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінен келесі профессор-оқытушылар баяндамалар жасады:

1) Философия докторы (PhD), аға оқытушы, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі — Молдахметова Алима Талғатқызы;

2) Мәдениет қайраткері, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы — Габбасова Гульнара Надымовна;

3) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті, «Хореография» факультетінің деканы — Габбасова Гульмира Надымовна;

4) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры — Сушков Дмитрий Валентинович (конференция модераторы), сонымен қатар «Заманауи хореография педагогикасы» оқу бейіні бойынша 3 курс студенттері баяндаманың тәжірибелік бөлімінде өнер көрсетті.

Конференцияда ұсынылған баяндамалар өзекті болып саналады және конференция материалдарының жинағында жариялауға ұсынылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия