• 19.04.2024

Хореография факультетіндегі ашық есік күні

Авторkaznai

Сәу 28, 2023

28.04.23 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында кәсіптік бағдар беру аясында ашық есік күні өтті. «Хореография» факультеті Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінен, би студиялары мен би-спорт үйірмелерінен келген 21 талапкерді тіркеп, қабылдау коммисиясы, емтихандар туралы кеңес берді. Концертте факультет студенттері екі би орындады. Талапкерлер үшін «Хореография» факультетіне экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар факультет оқытушылары мен түлектерінен төрт шеберлік сыныбы көрсетілді:

  • 1. Классикалық би (оқытушы Ликучева Н. В.);
  • 2. Қазіргі хореография (аға оқытушы Ғаббасова Г. Н., студент Бауыржанқызы Әйгерім);
  • 3. Еуропалық бағдарламаның спорттық бал билері (доцент Исалиев А. Т.);
  • 4. Латын Америка бағдарламасының спорттық бал билері (мұғалім Маливанова С. И.).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия