«ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ АКАДЕМИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«Өнертану» факультетінің Жас ғалымдар Кеңесі мен ғылыми-редакциялық бөлім 2022 жылдың 12 сәуірінде ғылым апталығының аясында «Заманауи өнертанудың креативтілігі: қазіргі ахуалы мен даму перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, өнертану ғылымы саласы бойынша зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру болды.
Аталмыш шараға «Кино тарихы мен теориясы», «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен студенттері қатысып, өз тақырыптарына байланысты ойларын ортаға салып, зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдарын жасады.
Дөңгелек үстелге кинотанушы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушы Дана Әмірбекова модераторлық етті.
Дөңгелек үстелде төмендегі спикерлер көрсетілген тақырыптар бойынша ойларын ортаға салады:
Айжан Ізімова, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, кинотеледраматург, өнертану магистрі – «Заманауи қазақ драматургиясының тенденциялары»;
Әлімақын Жанболат, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы, кинотанушы, өнертану магистрі – «Отандық медиа кеңістіктегі кино сыны мәселелері»;
Дамир Амантай, 2 курс өнертану магистранты – «Қазақ киносындағы саяхат-комедия жанрының мүмкіндіктері мен кемшіліктері»;
Ұлжан Құрманбай, 2 курс өнертану магистранты – «Қазақ сахна өнерінің дамуына театр менеджментінің ықпалы».