• 24.04.2024

«Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері»

Авторkaznai

Қар 12, 2022

«Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Бәрі, бәрі есімде…» кітабының тұсаукесері өтті

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Әзербайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен бірлесіп 2022 жылдың 9 қарашасында режиссер, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Тәуелсіз Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының Басқарма мүшесі, Түркітілдес елдер Ұлттық театрлары Директорлар кеңесінің мүшесі, профессор
Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың шығармашылығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Бәрі, бәрі есімде…» кітабының тұсау кесерін өткізді. Оған шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері :

  • 1. Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, педагог, профессор – Асанәлі Әшімов;
  • 2. Ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері – Нұрлан Оразалин;
  • 3. Кинорежиссер, Қазақстанның халық артисі – Досхан Жолжақсынов;
  • 4. Режиссер, профессор, «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, «Алтын адам» ұлттық сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
    ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрқанат Жақыпбай;
  • 5. Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі – Кыдырмаев Шайымбек;
  • 6. Қырғыз Республикасының Халық артисі – Мамбетова Насира;
  • 7. Қырғыз Республикасының Халық артисі, Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Кулайым Каныметова;
  • 8. Өнертану ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры – Еркін Жуасбек;
  • 9. Жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты – Дулат Исабеков;
  • 10. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры – Қабыл Халықов;
  • 11. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Дариға Тұранқұлова;
  • 12. Өнертану кандидаты, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген артисі, профессор – Аман Құлбаев;
  • 13. ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Берік Айтжанов;
  • 14. ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Әділ Ахметов т.б. қатысты.

 Конференция аясында шақырылған баяндамашы-қонақтар:

  • 1. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі – Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова;
  • 2. «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, өнертану докторы – Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс.

Академия фойесінде Есмұхан Несіпбайұлының шығармашылығына арналған көрме жасалды. Конференция барысында Есмұхан Обаевтың достары мен әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары баяндамалар жасап, құттықтаулар мен жылы лебіздер айтты. Есмұхан Несіпбайұлының шәкірттері өздерінің ән шашуын жасап, ақындар өз өлеңдерін арнады. Көп қауым жинаған бұл шара Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Е.Н. Обаевтың «Сыған серенадасы» спектаклімен жалғасын тапты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия