Эстрадалық оркестр аспаптары кафедрасындағы бітіруші студенттердің диплом жұмыстарын қорғауы өтті. Студенттер өз зерттеу тақырыптарын терең меңгергенін көрсетті.
Қорғаудан кейін студенттер қорытынды емтиханды тапсырды. Әр студент екі классикалық шығарма, ансамбльмен екі пьеса және оркестрмен екі туынды орындады. Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі жанрлық тұрғыдан алуан түрлі болды. Бұл болашақ музыканттардың орындаушылық шеберлігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.