2022 жылдың мамыр айының 20 күні «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова Алматы қаласында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырған «Жобалық құжаттама: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференциясының мақсаты – ғылыми-техникалық құжаттаманың басты бір түрі болып табылатын, жобалық құжаттаманы құрастыруға, оның сақталуын қамтамасыз етуге және оны тәжірибелік қызметте, сондай-ақ, тарихи-ғылыми, танымдық мақсаттарда пайдалануға қатысты мәселелердің кең спектрін талқылау.
Профессор Мұсаханов М.З. «Қағаз калькасын қалпына келтіру ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.