Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің бастамасымен 29–30 қазан күндері Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның Репрезентативтік тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұра элементтерін дәріптеуге арналған семинар өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет дамуы институты және Қазақстанның ЮНЕСКО ұлттық клубтар федерациясы.
Семинар жұмысына Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 1 курс магистранттары сонымен қатар Академияның профессорлық-оқытушы құрамы және Ғылыми кадрларды дайындау бөлімінің мамандары қатысты.
Мұндай бастамалар ұлттық мәдени мұраны сақтау мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге, сондай-ақ қазақстандық өнердің халықаралық деңгейде танылуына зор үлес қосады.









