• 19.03.2024

Т.К.Кабиеваның қорғауы туралы хабарландыру

  • ҚазҰӨА
  • Т.К.Кабиеваның қорғауы туралы хабарландыру

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 6D040000-Өнер Диссертациялық кеңесі 6D040600-Режиссура мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Режиссура современного телевидения: новая модель формирования социально-культурных ценностей казахстанского телезрителя» тақырыбында жазылған Кабиева Тұрсынгүл Қойшыбайқызының диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасында дайындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

Зор Локман – PhD докторы, Өмер Халесдемир атындағы Нийде университетінің қауымдастырылған профессоры  (Нийде қ., Түркия).

Айдар Алма Мұратқызы – PhD докторы, Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы.

Ресми пiкiр берушiлер:

Тойбаева Жадыра Нурбаевна – PhD докторы,  «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры-бас редакторы.

Тұрсын Құдайберген Жұмаханұлы – филология ғылымдарының докторы, ҚР Әділет Министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының бас ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан қ.).

Диссертациялық қорғау 2020 жылдың 30-маусымында сағат 14:00 онлайн форматында өтеді. 

Приемная комиссия