• 25.06.2022

Кәсіби мереке: Академия қызметкерлері марапатталды

Авторkaznai

Мам 31, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 30 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатты кеште алғы сөз сөйлеген ректор Азамат Сатыбалды академия қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ұлтымыздың айнасы мен өмірінің мәйегі саналатын – мәдениет пен өнер саласына сіңіріп жатқан өлшеусіз еңбектері үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, аталған шарада ҚР Президенті Жарлығымен берілген “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің: “Еңбек ардагері” медалі, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісі, Құрмет грамотасы иегерлері марапатталып, Академия ректорының Құрмет грамотасы және алғыс хаттары табысталды.

Мерекеге қарсаңында еңбегі еленіп, марапаттарға ие болған академиямыздың қызметкерлері тізімін назарлараңызға ұсынамыз:

Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен:

  1. Бапанов Әлібай Қалтайұлы – «Көркемсурет» кафедрасының профессоры;
  2. Айтқожанова Райхан – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының профессоры;
  3. Ғаббасова Гүлмира Надымқызы – «Хореография» факультеті деканының орынбасары;

Мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны үшін  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Еңбек ардагері» медалімен:

  1. Бегімбетова Дина Жүнісқызы – «Эстрадалық оркестр аспаптары» кафедрасының профессоры;
  2. Анетбаева Гүлжиян Жұмабайқызы – «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бөлімінің әдіскері.

Мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны үшін  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:

  1. Мурсалимова Гүлнар Амангелдіқызы – «Кино және ТД» факультетінің деканы;
  2. Қарамолдаева Дана Омаржанқызы – «Музыкалық театр» кафедрасының меңгерушісі;
  3. Саймасаева Гүлвира Бекенқызы – Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің оқытушысы;
  4. Тоқпанова Манзура Қызтуғанқызы – Мұражай және галереяның меңгерушісі     

Еліміздің мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен:

  1. Райымбекова Шынар Бекенқызы – Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің оқытушысы;
  2. Шутенова Айман Сағынғанқызы – «Эстрадалық вокал» кафедрасының аға оқытушысы;
  3. Әбішова Ләззат Аманжолқызы – Студенттік бөлімінің басшысы;
  4. Сыдықова Айнагүл Қизатқызы – «Театр өнері» факультетінің аға лаборанты;

Жоғары кәсіби шеберлігі және академиядағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда атқарған белсенді де абыройлы қызметі мен адал еңбегі үшін Академия ректорының Құрмет грамотасымен:

  1. 1)Айтуаров Аманжол Толыкбайұлы – «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының доценті;
  2. Төлеуова Гүлшат – кітапханашы;

Халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына, дәстүріміз бен ұлттық бояуымыздың сақталып, жасампаздық әлеуетіміздің одан әрі нығаюына қосқан үлесі үшін Академия ректорының Алғыс хатымен:

  1. Сәрсембаева Қалима Ертайқызы – «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы;
  2. Темірхан Ләйла Әбсұлтанқызы – «Сахна тілі» кафедрасының оқытушысы;
  3. Опель Надежда Ваизовна – Академия оқу театрының тігіншісі;
  4. Мамаджанова Гүлмира Болатбекқызы – «Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға лаборанты;
  5. Назарова Алиша Молдазимқызы – екінші корпустың тазалық қызметкері марапатталды.
Приемная комиссия