Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 30 тамызда 30 жыл толады. Осыған байланысты бүгін, 29 тамыз күні Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімі мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы бірлесіп, көшбасшылық дәріс ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Ата Заңның маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы, құқықтық және саяси жүйенің негізі екендігі атап өтілді. Ол мемлекет пен қоғамның құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін айқындайтын құжат екені түсіндірілді. Тақырып бойынша түсіндірме дәрісті Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы жүргізді.
Сонымен қатар Конституцияның қағидаттары мен маңызы тек 30 тамызда ғана емес, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау барысында, міндеттерін орындауға қатысты барлық іс-шарада көрінетіні айтылды.