• 21.11.2024

«Креативті индустрия және жасанды интеллект»

Авторkaznai

Апр 3, 2024

Кафедраның ғылым апталығын өткізгендігі туралы есеп

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2024 жылғы 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында «Креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбында ғылым апталығын өткізді. Ғылым апталығы аясында түрлі форматтағы 9 іс-шара өтті, онда креативті индустрияны дамыту және әртүрлі салаларда жасанды интеллектті пайдалану мәселелері қаралды.

Ғылым апталығы кафедра доценті Б.М. Божбанбаевтың жетекшілігімен Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен «Болашаққа қадам: креативті индустрия және жасанды интеллект» тақырыбында ғылыми семинар өткізуден басталды. Ғылыми семинарға Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰХА, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазҰҚПУ, AlmaU жоғары оқу орындары қатысты. Спикерлер жасанды интеллектті сән индустриясында, шығармашылық индустрияда, медицина және денсаулық сақтауда, бұқаралық ақпарат құралдарында, фармакологияда қолданудың ерекшеліктері туралы мәліметтерімен бөлісті. Сол күні кафедраның аға оқытушысы Л. Д. Удербаеваның жетекшілігімен. «Музыкалық өнер», «Хореография» және «Театр өнері» факультеттерінің 2 курсының қатысуымен «Шығармашылық индустрия: музыка және хореография» атты Workshop форматындағы іс-шара өтті.

Ғылым апталығы аясындағы келесі іс-шара 2024 жылғы 27 ақпанда өтті. Кафедра доценті Е.Қ. Күлдібаев және аға оқытушы М.О. Жұмағұлов театр факультетінің 2 курс студенттерімен «Креативті экономика: шығармашылық, жаңашылдық және пайда табу» тақырыбында Startup, quiz Медиа-ассорти форматында іс-шара өткізді. 2024 жылғы 28 ақпанда оқытушылар Ұ.И. Ауталипова мен М.Б. Үсенова «AI – адамзатқа қауіп төндіре ме, әлде көмекші ме?» атты пікір-талас шарасын ұйымдастырды. Шараға «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Пікір-талас студенттердің сыни ойлау, дәлел келтіру және шешендік дағдыларын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект тақырыбына қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.

2024 жылдың 29 ақпанында аға оқытушы Қ.Е. Тауеновтың жетекшілігімен «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1 курс студенттері арасында «Өнер уақыты» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. PhD доктор А.А. Нұрмұхамбетов «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1 курс студенттерімен «АІ және Қазақстан тарихын визуализациялау» тақырыбында Assessment-сессия форматында іс-шара өткізді. Сонымен қатар аға оқытушы М.Б. Үсенова «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 2 курс студенттерімен «Заманауи өнер және AI» тақырыбында World Cafe форматында іс-шара өткізді. Профессор М.Д. Шаймерденова 2024 жылдың 1 наурызында «Кино және ТД» факультетінің 1 курс студенттерімен «Халықтарды депортациялау: зұлмат және құтқару» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Халықаралық дәрежедегі шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, А.А. Қадыров атындағы Шешен мемлекеттік университеті және Шешен педагогикалық университеті, Ташкент суару жүйесі және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Ғылым апталығының жабылуы 2024 жылдың 1 наурызында өтті. Бұл күні Л.Д. Удербаеваның жетекшілігімен «Кино және ТД» факультетінің 2 курс студенттері арасында «Кинодағы жасанды интеллект: роль, этика және құқықтарды қорғау» тақырыбында Оpen Space форматындағы шара өтті.

Ғылым апталығын қорытындылай келе, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының қоғамдық пәндер секциясы өткізген барлық іс-шаралар жоғары ғылыми және оқу-әдістемелік деңгейде өткенін атап өтеміз. Іс-шараларда этикалық мәселелер, коммерциялық тәсілдер, шығармашылық индустрия саласында жасанды интеллектті қолданудың құқықтық аспектілеріне қатысты бірқатар өзекті тақырыптар мен мәселелер көтерілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия